Сенат Төрағасы Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті

973
Фотосурет: Е.Үкібаев

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мәулен Әшімбаев Ұйымның бұған дейін өткен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тың бастамалар ұсынғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта оларды Ұйым аясында ілгерілетудің маңызды екеніне назар аударды.

«Қазақстан Президенті түркі мемлекеттері ұйымы аясында бірқатар маңызды бастамалар мен ұсыныстар жасады. Олардың бәрі бауырлас елдеріміз арасындағы жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Парламент Сенаты алдағы кезеңде басқа түркі мемлекеттерінің парламентшілерімен бірлесе отырып осы бастамаларды жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істеуге ниеттеніп отыр», – деді Мәулен Әшімбаев.

Бағдад Әміреев өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға арналған бастамаларын іске асыру жолында Ұйым белсенді жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Сенат Төрағасы Қазақстан түркі елдерімен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде парламенттік байланысты нығайтуға баса мән беретінін айтты. Ол сондай-ақ 5 маусымда елімізде өткен республикалық референдумға ТүркПА мен түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылары қатысқанын және олардың Қазақстанның референдумды табысты өткізгені туралы мәлімдеме жасағанын тілге тиек етті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -