Шахрат Нұрышев өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде

855

Бүгін Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті мен Бейжің лингвистикалық университеті түлегінің бүкіл еңбек жолының соңғы 25 жылы СІМ жүйесінде өтуде. Ол орталық аппаратта және шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерде, оның ішінде Үрімшідегі ҚР СІМ-нің паспорттық-визалық қызметі, ҚХР-дағы ҚР Елшілігі мен ШЫҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінде түрлі жауапты қызметтерді атқарды. Ел басшылығы сеніп тапсырған ШЫҰ қызметінің мәселелері бойынша ҚР Ұлттық үйлестірушісі және Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымдарында лайықты жұмыс істеді.

Оның айтарлықтай басқару тәжірибесі, жан-тәнімен жұмыс істеуге дайындығы, көшбасшылық қасиеттері мен ұйымдастырушылық таланты арқасында Ш.Ш. Нұрышев СІМ ұжымында және шетелдік әріптестер арасында үлкен құрметке ие. Қазіргі уақытта оның терең білімі мен сөзсіз кәсібилігі Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің көпжоспарлы қатынастарын одан әрі нығайтуға қызмет етуде.

Осы айтулы күні Сыртқы істер министрлігінің ұжымы құрметті Шахрат Шәкизатұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ өмір, сарқылмас қуат, дипломатиялық жолында жаңа жетістіктер мен табыстарға жетуді тілейді!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -