ЕҚДБ: Қазақстанда "жасыл" қаржыландыру мәселелері талқыланды

678

Еуропа қайта құру және даму банкінің (бұдан әрі – ЕҚДБ, немесе Банк) Климаттық стратегия және іске асыру департаментінің Басқарушы директоры Бойд- Карпентер мырзаның 2022 жылғы 15 – 17 маусым аралығында Қазақстанға жұмыс сапары шеңберінде, Бойд-Карпентер мырзаның басшылығымен ЕҚДБ өкілдері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының орынбасары Мария Хаджиевамен және Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Павел Афанасьевпен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында тараптар «жасыл» қаржыландырудың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ ЕҚДБ мен Агенттік ағымдағы жылғы наурызда қол қойған Орнықты даму саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумның шеңберінде одан әрі ынтымақтастық жасау мәселелерін талқылады.

Соңғы уақытта жауапкершілік пен экологияға үрдіс қаржы секторына қатысты қолданылды. ESG қағидаттарын енгізу қаржы ұйымдарының өздерінің бизнес-модельдерінің орнықтылығын арттыруға, сол сияқты «жасыл» экономикаға біртіндеп көшуге ықпал ететін орнықты жобаларға қаржы ағындарын қайта бөлуді қамтамасыз етуге де бағытталған.

Аталған кездесу қорытындысы бойынша тараптар Агенттіктің ЕҚДБ-мен Қазақстанның қаржы секторындағы ESG-бастамаларды дамыту бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -