V Жазғы мектеп жас архившілерге есігін ашты

1304

2022 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті бірлесе ұйымдастырған архив мекемелерінің мамандарына арналған Жазғы мектеп ашылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жазғы мектепке Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қазақстан елдерінен архив мамандары қатысты.

«Жазғы мектеп жас архившілердің біліктілігін арттыруға, архив ісінде жаңа идеяларды жүзеге асыруға, IT технологияларын қолдануды ілгерілетуге, қатысушы елдердің архив қызметтері арасындағы әріптестік қатынастарын нығайтуға ықпал ететін танымал диалог және озық тәжірибе алмасу алаңына айналды» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Төлеев

«Биыл бесінші рет өткізіліп жатқан жазғы мектепке деген қызығушылық жылда артып келеді. Бұл – орынды заңдылық. Себебі бұл платформа архив саласының ең өзекті сауалдарын ортаға салып, тұжырымдамалық, сондай-ақ қолданбалы мәселелерді қамтиды. Қазіргі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы аясында архив саласы кеудесін кеңге қайта жайған сияқты. Материалдардың ірі ауқымын цифрлық форматқа ауыстыру, электронды құжат айналымына көшу, электронды деректердің ауқымды қорын құру, есепке алу және іздеу процестерін автоматтандыру, қашықтағы пайдаланушыларға архив ресурстарының құжаттарына кең қолжетімдікті қамтамасыз ету арқылы цифрланған архив ісі түбегейлі жаңа, сапалы деңгейге көтерілуге мүмкіндік алды. Мұның бәрін архив саласындағы цифрлық төңкеріс деп атауға болады» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат

Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры Әлия Мұстафина өз сөзінде Жазғы мектепке жыл сайын тілек білдірушілердің саны артып келе жатқандығын атап өтті. Оның айтуынша, 2017 жылы 49 адам қатысса, былтыр 276, биыл 380-ге жуық өтініш келіп түскен екен.

Жазғы мектептің ашылу салтанатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж.Түймебаев, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті Е.Пивовар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Бораш, Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының директоры П.Кюнг, Беларусь құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының директоры А.Рыбаков, Өзбекстан Республикасының «Өзархив» агенттігінің директоры Ұ.Юсупов баяндама оқыды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -