Қазақстан Елшісі жыл сайынғы «Жасыл мұра» экологиялық акциясына қатысты

822

Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия үкіметінің шақыруымен жыл сайынғы   «Жасыл мұра» ұлттық бағдарламасының іске қосылуына қатысты. Іс-шара Аддис-Абеба қаласының маңындағы Гүлеле саябағында Эфиопияның Премьер-Министрі Абий Ахмедтің, үкімет мүшелерінің, сондай-ақ шет елдердің елшілері мен Эфиопияда аккредиттелген халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қысқа әңгіме барысында Елші Б.Садықов премьер-министр А. Ахмедке және Эфиопия халқына «Жасыл мұра» бағдарламасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуде табыс тіледі. Премьер-министр Абий Ахмед «Жасыл мұра» ұлттық бағдарламасын қоғамды қоршаған ортаның тозуы туралы ағарту және елдегі экологиялық проблемаларды шешу үшін алғаш рет 2019 жылғы 29 шілдеде іске қосты. Бүгін «Жасыл мұра» бағдарламасы Эфиопиядағы климаттың өзгеру салдарымен күресуге бағытталған ауқымды ұлттық жобаға айналды. Ұлттық акция жыл сайын маусым мен қазан аралығында бүкіл ел бойынша өткізіледі. 2019-2021 жылдар аралығында 15 млрд астам ағаш отырғызылды. Бағдарламаның мақсаты-2022 жылдың соңына дейін 20 млрд ағаш отырғызу. Сонымен қатар, Эфиопия Үкіметі көрші елдерге көптеген көшеттер жіберуде.

Қазақстанда экологиялық саясат шеңберінде 2 млрд. ағаш отырғызу жоспарлануда, «Жасыл көпір» халықаралық бастамасы іске асырылуда, халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы жұмыс істеуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -