2022 жылғы 3-6 тамыз аралығында КИМЭП Университетінде "Төтенше жағдай кезіндегі адам құқықтары" тақырыбындағы жазғы мектеп өткізіледі

636

КИМЭП Университетінің Құқық мектебі, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және «Winrock International» жүзеге асыратын Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі АҚШ агенттігінің «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» бағдарламасы жазғы мектепті ұйымдастырады. Ұйымдастырушылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан және Тәжікстан 3-4 курс құқықтану мамандығы бойынша студенттерді жазғы мектепке қатысуға шақырады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

 

Мектеп мақсаты – төтенше жағдай кезіндегі адам құқықтары мен бостандықтарын практикалық тұрғыдан жүзеге асыру бойынша, сонымен қатар осы саладағы жетекші мамандардан халықаралық құқықтың қолданбалы нормалары мен қағидалары жөнінде студенттерге қажетті білім алу мүмкіндігін беру.

Жазғы мектеп келесі бағыттарды қамтитын болады:

  • төтенше жағдай кезіндегі адам құқықтары мен бостандықтары, олардың жіктелуі;
  • адам құқықтары мен бостандықтарының шекарасы концепциясы мен оларды шектеу, оны құқық қайнаркөздерінде бекіту;
  • төтенше жағдайдың құқықтық режимі, оның шегі мен заң үстемдігі;
  • негізгі тақырыптың түрлі бағыттары бойынша Жазғы мектеп қатысушыларының практикалық мини-жобалары және топпен жұмыс істеу.

Тренинг студенттермен келесі сипаттағы жұмыстарды жүзеге асыратын болады:

  • теориялық бағытта (мазмұнды презентациялар/құқықтық эксперттер мен академиялық орта өкілдерінің лекциялары),
  • қолданбалы бағытта (қатысушы студенттерге ТЖ кезіндегі адам құқықтары бойынша жеке кішігірім жобаларды әзірлеу және ұсыну мүмкіндігі).

Қатысуға өтініш беру үшін үміткерлер 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін КИМЭП Университетінің Жазғы мектеп үлестірушісі Рустам Атаджанов r.atadjanov@kimep.kz электронды мекендайына «Жазғы мектепке қатысуға өтінім – аты-жөні, елі» белгісімен резюме және 500 сөзден аспайтын уәждеме хатын жіберу қажет. Басқа қаладан келген және шетелдік студенттердің тұрғылықты жер мен жол шығындарын ұйымдастырушылар өтейді. Іріктеуден өткен қатысушылар 2022 жылдың 13 шілдесіне дейін электронды поштасына хабалама алатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -