ҚР СІМ Ауғанстан халқына жер сілкінісі кезінде қаза болғандарға байланысты көңіл айтты

462
Фотосурет: © GlobalLookPress

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінен көптеген адам қаза болуына байланысты ауған халқының қайғысына ортақпыз. Қазақстан халқы мен басшылығы атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Тезірек сауығып, қалыпты өмірге оралуды тілейміз», делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, сәрсенбіде Ауғанстанда магнитудасы 5,9-6,1 балл  жер сілкінісі болып, оның салдарынан 1500 адам қаза болды, 1000 адам түрлі жарақат алды. Оқиға Пәкістанмен шекаралас оңтүстік-шығыс Хост қаласынан 44 шақырым жерде болған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -