ҚР мен АҚШ арасында жерде сирек кездесетін металдар саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

591
Фотосурет: AP

21 маусымда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында жерде сирек кездесетін металдар саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы (бейресми виртуалды коммерциялық диалог) өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Отырысқа америкалық тараптан АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия бойынша көмекшісінің орынбасары Дэвид С.Де Фалько бастаған сауда министрлігінің өкілдері, сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаментінің, Геологиялық қызметінің өкілдері қатысты.

Қазақстан тарапынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің, сондай-ақ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің вице-министрі Қ. Төребаевтың басшылығымен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында қазақстандық және американдық бизнестің Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды.

Өз сөзінде Қ. Төребаев кездесу тақырыбының маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстанның аталған нарықта маңызды ойыншы болу үшін жақсы мүмкіндіктері бар екеніне еш күмән жоқ. Қазақстанды жерде сирек кездесетін металдарды пайдалана отырып өндірілетін жоғары технологиялық өнімдердің жаһандық нарығына енгізу мақсатында біз жерде сирек кездесетін металдардан жасалған дайын өнімді экспорттауға және оларды қайта өңдеу жөніндегі америкалық технологияларға қол жеткізуге мүдделіміз», - деді вице-министр.

Жұмыс тобының 1-ші отырысының қорытындысы бойынша американдық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан аумағында сирек және жерде сирек кездесетін металдарды өндіру және қайта өңдеу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстанда саланы дамыту үшін 2025 жылға дейін ресурстық базаны кеңейту және сирек, жерде сирек кездесетін металдарды өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жол картасы бекітілгенін атап өткен жөн.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -