Асқар Ақаев ҚазҰУ-дың Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды

1555

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сапары барысында Қырғыз Республикасының Тұңғыш Президенті, академик Асқар Ақаев ҚазҰУ мұражайына барды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Құрметті мейман мұражайда қойылған экспозициялармен танысып, университет туралы толық ақпарат алды. Көрнекті ғалым оқу ғимараттары мен жаңарған аудиторияларды, инновациялық зертханаларды аралап көрді.

Сонымен қатар Асқар Ақайұлы университет ұжымына алғыс айтып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

«Біз Орталық Азиядағы және Еуразия кеңістігіндегі үздік жоғары оқу орнының бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келгенімізге қуаныштымыз. ҚазҰУ болашақта өзіндік ерекшелігі қалыптасқан «Орталық Азияның Гарварды» болуына және білім берудің жаңа инновациялық дамуының үлгісі мен локомотивіне айналуына тілекшімін», – деп жазды Қырғыз Республикасының Тұңғыш Президенті Асқар Ақаев.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -