Қазақстанның Әділет министрі Түркияның Бас Омбудсменімен кездесті

684

2022 жылғы 22 маусымда Әділет министрі Қ.Мусин Түркияның Бас Омбудсмені Шереф Малкочпен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Делегация құрамына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл А.Әзімова, Түркияның Қазақстандағы Елшісі Уфук Экиджи және Түркияның Бас Омбудсмені аппаратының қызметкерлері кірді.

Әділет министрі қонақтарды елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етті және ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің рөлін күшейтуге бағытталған өзгерістер туралы айтты, сондай-ақ осы институттың қарқынды дамуын атап өтті.

Шереф Малкоч Түркия Омбудсменінің жұмысы туралы айтып, түркі мемлекеттері үшін ынтымақтастықтың платформасы болып табылатын Омбудсмендер мен ұлттық құқық қорғау мекемелердің қауымдастығын құрудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде Әділет Вице-министрі А.Ахметова делегацияны адам құқықтары саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Әңгіменің жалғасы ретінде министр Қ.Мусин «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңда қарастырылған негізгі өзгерістер туралы айтып берді.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты талқылады, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Кездесу достық және жылы жағдайда өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -