ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

663

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Мәскеуде өткен Достастыққа қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесуде әлемдегі әскери-саяси жағдай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдірінің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің ұлғаюы туралы ақпарат тыңдалды.

Достастық елдері Қарулы күштеріндегі авиацияның ұшу қауіпсіздігінің 2021 жылғы жай-күйі туралы деректер назарға алынды. Инженерлік әскерлер үшін мамандар даярлау бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы қызметінің мәселелері қаралды.

ТМД мемлекеттері Қарулы күштерін метрологиялық қамтамасыз етуді 2025 жылға дейін жетілдіру жөніндегі бірлескен жұмыстардың бағдарламасы мақұлданды. Сонымен бірге, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралары бекітілді.

Кездесу алдында сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Ресейдің жеке отырысы өтіп, онда Ауғанстандағы жағдай талқыланды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -