Қазақстан СІМ-де ЕҚЫҰ ДИАҚБ директорымен кездесу өтті

640

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) директоры Маттео Мекаччимен оның Қазақстанға сапары шеңберінде кездесу өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасындағы сайлау жүргізу, заң үстемдігін және адам құқықтарын ілгерілету салаларында өзара әрекеттесуді қоса, ағымдағы және перспективалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Министр ү.ж. 23 маусымда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын құптады.

Келіссөздер барысында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдум нәтижелері тақырыбына ерекше назар аударылды. М.Тілеуберді халықаралық байқаушылар жұмысының зор маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанға Референдумды бағалау миссиясын жіберу үшін Бюроға алғысын білдірді. СІМ басшысы серіктесін «Жаңа Қазақстанның» құрылу тұжырымдамасына сәйкес еліміздің саяси трансформацияның негізгі кезеңдері туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, М.Мекаччи Қазақстанның Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқық қағидаттары мен стандарттарын ілгерілетудегі жұмысы мен жетістіктеріне оң баға берді, сондай-ақ ДИАҚБ-ның біздің елмен адами өлшемде ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендігін растады.

Кездесу соңында тараптар диалогты өзара түсіністік пен құрылымдық ынтымақтастық рухында жалғастыруға келісті.

ЕҚЫҰ ДИАҚБ 1990 жылы құрылды және ЕҚЫҰ кеңістігінде адам құқықтарын қамтамасыз етілуіне, демократияның дамуына және заң үстемдігінің бекітілуіне қолдау көрсететін құрылым. Бюро басшысы ретінде тағайындалған сәттен бастап М.Мекаччи Қазақстанға екінші рет сапармен келген. Оның алдыңғы сапары 2021 жылдың қазан айында өткен болатын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -