Ләззат Сүлеймен мен Динар Нөкетаева Халықаралық әйелдер форумына қатысты

690

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ләззат Сүлеймен мен Динар Нөкетаева «Орталық Азия мемлекеттеріндегі парламентші әйелдердің терроризмге қарсы іс-қимыл және зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асырудағы рөлі» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі форумға қатысты.

Форум Орталық Азиядағы парламентші әйелдердің терроризмге қарсы күрес және зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі іс-қимылдарға кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Форумға қатысушылар терроризм, зорлық-зомбылық экстремизмінің гендерлік аспектілерін, сондай-ақ Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мәселелері бойынша парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуды талқылады.

Шараға әйел парламентшілер, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан парламенттік ассамблеялары мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -