Генуяда Қазақстанның бастамалары мен Ұлы дала музыкасы ұсынылды

971

Екіжақты ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде Италия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ерболат Сембаев жұмыс сапарымен Генуя қаласына барды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сапар барысында қала мәрі Марко Буччи мен префектісі Ренато Франческеллимен, сонымен қоса Лигурия аймағының басшысы Джованни Тотимен кездесулер өтті. Е. Сембаев Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Қазақстанның конституциялық реформаларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Елші басым бағыттарды, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі жөніндегі жалпыұлттық референдумның қорытындыларын ұсынды.

Өз кезегінде итальяндық тарап Жаңа Қазақстанның құрылысына бағытталған қазақстандық бастамаларды оң бағалады. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістер заманауи жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында елді дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығаратыны және Қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруына әкелетіні атап өтілді.

Бұдан басқа, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде «Confindustria Liguria» президенті (Лигурия өңірінің өнеркәсіпшілер Конфедерациясы) Умберто Риззомен және «Ansaldo Energia» трансұлттық энергетикалық компаниясының басқарма төрағасы Джузеппе Мариномен кездесулер өтті. Елші Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және Қазақстанның экономикалық реформаларын жүзеге асыруға бағытталған еліміздің жаңа бағыты туралы айтып берді.

Сонымен қатар, итальяндық кәсіпкерлер еліміздің әлеуеті мен шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын жоғары бағалап, Қазақстанда жасыл энергетика, электрондық өнеркәсіп, көлік логистикасы, туризм және басқа да салаларда бірлескен жобаларды ілгерілетуге ерекше қызығушылық танытты.

Қазақстандық дипломат Лигурия консулдық корпусы ұйымдастырған «әлемдегі Генуя, Генуядағы әлем» атты экономикалық-мәдени іс-шарасына қатысты. Форум барысында әлемге әйгілі Карло Феличе театрында 15-тен астам елдің өкілдерінің, соның ішінде Қазақ ұлттық өнер университеті әртістерінің қатысуымен салтанатты концерт өтті.

Қазақстандық домбырашылар Марат Нүкеев, Аяна Сатаева және Табыс Құдайбергеннің орындауында Құрманғазының, Дайрабай мен Ахмедьяровтың атақты күйлері, сондай-ақ әнші Батыржан Смақовтың интерпретациясында «O sole mio» итальяндық әні домбыраның сүйемелдеуімен орындалды.

Шабытты көрермен орындаушыларымызды ду қол шапалақпен және «Браво, Қазақстан!» сөздерімен шығарып салды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -