Қазақстан Канадада өтетін «PDAC Convention» ірі халықаралық тау-кен конференциясына қатысты

787

Қазақстан делегациясы, оның ішінде «Қазгеология», «Kazakh Invest» компанияларының және жеке сектордың өкілдері, Канадада әлемдегі геологиялық және тау-кен өндіру индустриясындағы ең ауқымды іс-шара болып табылатын «Prospectors & Developers Association of Canada» (PDAC) Convention» Халықаралық тау-кен конференциясында қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

PDAC-2022 алаңында «CECC» Канада-Еуразиялық сауда палатасының (бұрынғы «CERBA») қабылдауы өтті, оған біздің өңірде бизнес жүргізуге мүдделі компаниялар қатысты. ҚР Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов өз сөзінде Қазақстан мен Канада арасындағы сауда-инвестициялық қатынастар қарқынды өсу кезеңінде екенін және соңғы 9 жылда ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өтті. Қазақстандық дипломат канадалық бизнесті іскерлік ынтымақтастық әлеуетін пайдалануға шақырып, Қазақстан үкіметі тарапынан барлық қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Конференция аясында қазақстандық және канадалық компаниялар арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Осылайша, «Aurora Minerals Group» қазақстандық компаниясы мен аэрогеофизика саласындағы әлемдік көшбасшы «Xcalibur Multiphysics» арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы Келісімге қол қойылды. Компаниялар бірлесіп Қазақстанда жоғары ажыратымдылықтағы аэрогеофизикалық қызметтерді ұсынатын болады.

«Aurora Minerals Group» көрмеге екі қазақстандық павильон орнатып, басқа да қазақстандық компанияларға еліміздің жобаларын таныстыру бойынша мүмкіндіктер берді. Сонымен қатар, конференция аясында 2022 жылғы 28 маусымда компания «Kazakhstan Day» онлайн-презентациялық сессиясын өткізуді жоспарлап отыр.

Канадалық «Arras Minerals» компаниясының акцияларын 2022 жылғы 13 маусымда «TSX-V» Торонтолық қор биржасында орналастыру елеулі оқиға болды. Ұзақ уақыттан бері қазақстандық жоба геологиялық барлау және тау-кен компанияларының ірі биржасында ұсынылды.

Отандық делегацияның іс-шараға қатысуы PDAC конференциясы Қазақстанның ТМК саласында халықаралық қоғамдастыққа елімізде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайындығын көрсету үшін ең тиімді алаң болып табылатынын көрсетті.

Жалпы, шетелдік компаниялардың басшылары Қазақстанда жүргізіліп жатқан тау-кен секторына шетелдік инвесторларды тарту жөніндегі өршіл реформаларды және инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктерді оң бағалады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -