ҚР Сыртқы істер министрлігінде қазақ-британ ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды

765

Берік негізге қаланған Қазақстан-Ұлыбритания ынтымақтастығын барлық сала бойынша одан әрі дамытудың келешегі зор. Бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Ұлыбритания СІМ Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің директоры Мартин Харрис ҚР СІМ-де өткен кездесу барысында осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі ауқымды өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Дипломаттар Қазақстан мен Құрама Корольдік арасындағы Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қоюға дайындық жұмыстарын құптап, өзара сапарлардың жоспарларын белгіледі.

Британ дипломаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жаңа Қазақстанды» құруға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы ақпараттандырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара қызығушылық тудыратын бағыттарда, атап айтқанда, энергетика, инфрақұрылымды дамыту, ғылым және технологиялар, инновациялар, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара дайындық білдірілді.

Ынтымақтастықтың 30 жылы ішінде елдеріміз тығыз саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар орнатты. Ұлыбритания тауар айналымы көлемі бойынша Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің алғашқы ондығына кіреді (2021 ж. – 1,16 млрд). 2022 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, 460 млн долл. құрады.

Құрама Корольдік Қазақстанның алғашқы алты ірі инвесторлары қатарына кіреді. 2005 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде Ұлыбританиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны 16 млрд құрады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -