Бішкектегі Қазақ киносының күндері аяқталды

1604

Көрермендерге Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» және Айжан Қасымбектің «От» фильмдері ұсынылды. Бұл картиналардың көрсетілімі «Ала Тоо» кинотеатрында сәтті өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Қазақстандық фильмдерді біздің елде көрсетуге әрқашан дайынбыз. Сіздердің фильмдеріңіз абыройлы халықаралық кинофестивальдерде жеңіске жеткенде де шынайы қуанамыз. Біз серіктестікке ашықпыз және жақын арада Қазақстанда Қырғыз киносының күндерін өткізуді жоспарлап отырмыз» Ақжол Бекболотов, Т.Өкеев атындағы «Қырғызфильм» ұлттық киностудиясының директоры

5 тамызда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Халықаралық бөлімінің басшысы Әсел Ырыс, режиссер Болат Қалымбетов, продюсер Диана Ашимова және актер Төлепберген Байсақаловтан құралған қазақстандық делегация Ш.Айтматов атындағы Кино үйіне барып қайтты, онда ҰКҚМО қызметінің таныстырылымы, баспасөз брифингі және дөңгелек үстел өткізілді. Ал кешке көрермендер кемеңгер қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдарын көрсететін «Мұқағали» фильмін тамашалады. Еске сала кетейік, бұл фильм 25-ші «Қараңғы түндер» Таллин кинофестивалінің экуменикалық қазылар алқасының сыйлығына ие болған. 

«Соңғы жылдары Орталық Азиялық кино жайлы ақпараттың аздығы сезіледі. Бірақ біз, қырғыз кинематографистері өзбек, тәжік, түрікмен және қазақ киносын тамашалап, әріптестеріміздің жаңалықтарын біліп, бірлескен жобаларды ойластыруымыз керек. Бұл көрермендер үшін де маңызды» Артык Суюндуков, қырғыз режиссері

6 тамызда қазақстандық делегация қырғыз әріптестерімен бірге Қырғызстанның Ұлттық тарихи мұражайында болды. Ал кешке Кино күндерінің жабылу салтанаты өтіп, Айжан Қасымбектің «От» фильмі көрсетілді. Кино сүйер қауым картинаны жылы қабылдады, және фильмде баяндалатын оқиға баршаға ортақ екенін атап өтті.

«Фильм шынайы өмір, қарапайым адамның қиын тағдыры туралы. Оқиға біздің халықтарымызға жақын. Ештеңеге қарамастан өмір сүруді, жақсы көруді жалғастыру керектігін баяндайды» Төлепберген Байсақалов, басты рөлді сомдаған

Өз кезегінде Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігінің кеңесші-елшісі Асхат Сыздықов екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық кеңейіп, тек бейбітшілік пен өзара түсіністік негізінде құрылуы тиіс екенін атап өтті.

«Көрермендерге фильмдерді тамашалауға келгендері үшін, ал қырғыз тарапына біздің кинематографистерді күтіп алғаны үшін алғысымды білдіремін! Мұндай шығармашылық кездесулер халықтарды жақындастырады. Бауырлас мемлекеттер арасында көптеген  бірлескен жаңа жобалардың бола беруін тілеймін» Асхат Сыздықов

Осылайша, Қырғызстан 15 жақын және алыс шет елдердің ішіндегі Қазақстандық кино күндері өткізілген бірінші мемлекет болды, шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -