Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Cleantech Latvia қоғамымен және Өзбекстан инженерлер қауымдастығымен кездесті

1724

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы Cleantech Latvia қоғамының және Өзбекстан инженер-кеңесшілер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Онлайн режимде өткен іс-шараға сумен жабдықтау ұйымдары мен жобалау және құрылыс саласындағы мамандар қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында Сәулет, сумен жабдықтау және су бұру, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялау мәселелері, сондай-ақ елордада тақырыптық халықаралық форум өткізу туралы бастама талқыланды. Іс-шара қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.

Айта кетерлігі, елордада «Өнеркәсіптік сарқынды суларды өңдеу» пилоттық курсының ашылуы өтті. Іс-шараны Cleantech Latvia және ҚР сумен жабдықтау мен су бұру бойынша кәсіпорындар қауымдастығы ұйымдастырды.

Бұған дейін латвиялық компания Шымкент қаласында да курс өткізген болатын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -