Қазақстан мен Ватикан ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге қол қойды

1114

Рим Папасы Францисктің Қазақстан Республикасына мемлекеттік (апостолдық) сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қасиетті Тақтың мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы архиепископ Пол Ричард Галлахер 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімге елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған қосымша келісімге қол қойды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тараптар конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өтіп, бұл әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, оның VII отырысына Рим Папасы Франциск бастаған Ватикан делегациясы қатысады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -