Съезд делегаттары «Бейбітшілік және келісім саябағының» негізін қалады

942
Фотосурет: Б.Серікбай

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев VII Съезд делегаттарымен бірге жаңа «Бейбітшілік және келісім саябағының» негізін қалады. Форумға қатысушылар жаңа саябақта 60 тал отырғызды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Есіл өзенінің жағалауында орналасқан демалыс орны Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен этностар арасындағы достық пен бірліктің символына айналмақ.

Жобаның басты идеясы – «Өмір ағашы» монументі. Күмбез түрінде жасалған нысанның дәл ортасына емен ағашы отырғызылған. Ол спиральмен және үйлесімді фонтанмен қоршалған.

Идея авторларының пікірінше, су мен сан ғасырдан тамыр тартатын өмір ағашы Жер бетіндегі тіршіліктің жалпыадамзаттық құндылығын дәріптейді. Осылайша, жаңа туынды діні мен сеніміне қарамастан планетамыздағы барлық адамды келісімге, бейбітшілікке және достыққа шақырады. Ал, күмбез бір аспан астындағы бейбіт өмірді бейнелейді. Онда әлемнің төрт бұрышы – Оңтүстік, Солтүстік, Батыс және Шығысты білдіретін 4 кіру аймағы болады.

Күмбездің қабырғаларында Әлемнің жаратылуы мен Қазақстандағы тарихи оқиғаларды көрсететін бейнелер және еліміздің аумағынан табылған әйгілі ежелгі жартас суреттері – петроглифтер салынады. Ағаштың айналасындағы спираль аспан (күмбез) мен жерді (су беті) біріктіріп, әлемнің нәзіктігін суреттейді.

Саябақ құрылысы 2023 жылы аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -