АӨСШК Cаммитіне дайындық мәселелері талқыланды

1093

ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Т.Қалиевтің төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырысы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Отырыс 2022 жылғы 12-13 қазанда Қазақстанның астанасында өтетін    6-шы АӨСШК Саммиті қарсаңында алғаш рет бетпе-бет форматта өтті.

Қатысушылар Саммиттің қорытынды құжатының, АӨСШК Қоры туралы ереженің, АӨСШК мүше мемлекеттері көшбасшыларының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мәлімдемесінің, БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі АӨСШК іс-қимыл жоспарының жобаларын және т. б. талқылады.

АЖТ отырысы барысында «Сауда және инвестициялар» басым саласының үйлестірушісі ретінде Қырғыз Республикасының кандидатурасы, сондай-ақ Көлік дәліздерінің қауіпсіз және тиімді жүйелерін дамыту саласындағы, АӨСШК мүше мемлекеттерінің Туризм, Тұрақты даму, Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастығы туралы АӨСШК тұжырымдамалары қарастырылды.

Келесі қорытынды АЖТ отырысы ү.ж. 28-29 қыркүйекте Қазақстанда өтетін болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -