Қазақстан мен Беларусь дипломатиялық қатынастар орнағанының 30 жылдығын атап өтуде

1707

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Беларусь Елшісі Павел Утюпиннің кездесуі өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында дипломаттар екі елдің мемлекет басшыларының құттықтау хаттарымен алмасып, өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселерін талқылады.

Тараптар Қазақстан-Беларусь қатынастарының дәстүрлі достық сипатын және барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуын қанағатпен атап өтті. Осыған байланысты машина жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларында бірлескен жобаларды іске асыруда көрініс тапқан күн тәртібі ерекше атап өтілді.

Бұл тұрғыда құрылыс, өнеркәсіптік кооперация, сондай-ақ білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты жандандыруға жәрдемдесу туралы уағдаластықтарды растады.

Сонымен қатар, сұхбат барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясын, АӨСШҚ-нің 6-шы саммитін, ТМД мемлекеттері басшылары мен сыртқы істер министрлері кеңестерінің отырыстарын қоса алғанда халықаралық іс-шаралар кестесі бойынша «сағат теңестірді».

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -