Әлихан Смайылов «Eni» басшылығымен жаңа газ өңдеу зауытын салу жоспарын талқылады

941

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Eni» компаниясының бас өндірістік директоры Гвидо Брускомен, барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі компанияның еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін атап өтті.

«Біз Қашаған кен орнын толық көлемде игеруге, Қарашығанақ кен орнында мұнай мен конденсат өндіруді қолдауға және газ саласын дамытуға ерекше назар аударамыз» Әлихан Смайылов

Сондай-ақ ол Үкімет «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жөніндегі консорциумның жоспарларын қолдайтынын жеткізді.

Өз кезегінде Гвидо Бруско компанияның Қазақстандағы жұмысы бойынша ұзақ мерзімді жоспары барын айтты. 

«Біз қолданыстағы жобалар бойынша қажетті шешімдерді уақытылы қабылдап, жаңаларын, соның ішінде жаңартылатын энергетика саласында іске асыру мүмкіндіктерін іздейміз. Үкіметтің қолдауының арқасында жобалар бойынша туындайтын барлық мәселелер жұмыс тәртібімен шешіледі» Гвидо Бруско

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -