Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу механизмі талқыланды

995

Астана қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, Фридрих Эберт атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігі және Дағдарыс орталықтары одағының ұйымдастыруымен тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау бойынша сарапшылар кездесуі өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, және азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.

Кездесуге арнайы шақырылған Ландау қалалық Прокуратурасы жанындағы Сот төрелігі жүйесінің әлеуметтік қызмет маманы, агрессорлармен жұмыс істеу жөніндегі федералдық жұмыс тобының төрағасы Роланд Хэртель тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы Германияның тәжірибесімен бөлісті.

ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы туралы айтты.

Қорытындыда кездесуге қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсынымдар әзірледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -