Берлинде «Паралимпиадашы» атты қазақстандық фильмінің тұсау кесері өтті

1033

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында Германия астанасының ең беделді кинотеатрларының экрандарында режиссер Алдияр Байракимов түсірген «Паралимпиадашы» фильмінің тұсау кесері өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақстанның Германиядағы Елшілігі Германияның Сыртқы істер министрлігі және «Kazakh Cinema» ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен бірлесіп, «Minz GmbH» ивент-агенттігінің қолдауымен ұйымдастырған шараға жүздеген көрермен жиналды, олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар мен неміс іскер топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус, киносыншылар, Берлиннің тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Өзінің алғы сөзінде Қазақстан Елшісі Нұрлан Онжанов әлеуметтік маңызы бар тақырыптарға фильмдер түсірудің және оның кең көрсетілімінің қажеттілін атап өтті: «Паралимпиадашы» фильмі әлемнің көптеген елдеріндегі маңызды әлеуметтік проблемаларды қозғайды. Бұл күресуге батылдық беретін және басқаларды ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген көзқарасы туралы ойлануға көндіретін драма».

Қазақстанның ең мықты спортшыларының бірі – қысқы Паралимпиада ойындарының тұңғыш қазақстандық чемпионы Александр Колядиннің тағдыры бейнеленген картинаға көрермендер қошемет көрсетті, ол Қазақстанда және бүкіл әлемде көптеген адамдар үшін үлгі болып, мотивация табуға күш берді.

Режиссер Алдияр Байракимов, продюсер Әсел Ырыс және актер Жалғас Жанғазиннің қатысуымен өткен баспасөз брифингі барысында неміс көрермендері қазақ киносының тарихы, қазақ қоғамындағы танымал кино жанрлары, «Паралимпиадашы» фильмін түсіру кезіндегі ұжымның уәжі, қазақстандық актерлердің өмірі мен Қазақстандағы әлеуметтік фильмдердің қаншалықты маңызды екені туралы сұрап, ұжымға еңбектері мен әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -