Қазақстан, Беларусь Республикаларының және Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдері өрт қауіпсіздік мәселелерін талқылады

1501

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2022 жылғы 20-21 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің ЕАЭО ТР 043/2017 талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылау жөніндегі мемлекетаралық жұмыс тобының отырысы өткізілуде.

Отырыс ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н.Б. Дербісовтің төрағалығымен өтуде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Аталған іс-шараға қатысу үшін Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрліктерінің, сондай-ақ аталған ведомстволарға бағынысты ұйымдардың өкілдері келді.

Отырыс шеңберінде мемлекеттік өрт бақылауды жүзеге асыру нысандарын жетілдіру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу, өрт-техникалық мақсаттағы өнімнің сәйкестігін бағалау мәселелері, сондай-ақ ЕАЭО ТР 043/2017 техникалық регламентіне өзгерістер енгізу қажеттілігі қаралуда.

Мемлекетаралық жұмыс тобының пысықтаған ұсынымдары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде оңтайлы шешімдер қабылдауға ықпал ететін болады.

Өз кезегінде, ҚР ТЖМ өрт қауіпсіздігі саласында көршілес елдермен ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән береді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -