Қазақстандық кәсіпкерлер өз өнімдерін БАӘ-ге экспорттай алады

1616

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің БАӘ-ге сапары аясында ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт Gulf TEC Certification – өнімнің парсы шығанағы елдерінің талаптарына сәйкестігін бағалау саласындағы кәсіпорынмен  келісімге қол қойды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бұл келісім:

  •  БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Оман жеткізушілерінің тізіліміне қосу рәсімін айтарлықтай жеделдетуге;
  •  саудадағы техникалық кедергілерді алып тастауға;
  •  отандық өнім экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, 30-дан астам қазақстандық өндірушілер БАӘ-ге экспортты жүзеге асырады, олардың 9-ы ресми тізілімге енгізілген тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер болып табылады. Өндірушілер бүгінгі күні елден шықпай-ақ Халал сертификатын ала алады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің БАӘ-ге сапары аясында Қазақстан БАӘ халықаралық аккредиттеу орталығынан Халал өнімдерін сертификаттауды жүргізуге «ҚазСтандартты» аккредиттеу туралы ресми құжат алды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -