Қазақстанның үшінші Каспий бизнес-форумына қатысуы туралы

1129

БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының жоғары деңгейдегі сегменті аясында Нью-Йорктегі Йель клубында үшінші Каспий бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шараны АҚШ-тың Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша жетекші сараптамалық институттарының бірі «Каспий саяси орталығы» ұйымдастырды.

Форумда Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов АҚШ сарапшылар қоғамдастығы алдында сөйлеген сөзінде Каспий өңірінің өсіп келе жатқан геосаяси және геоэкономикалық рөлі мен маңыздылығын, сондай-ақ оның маңызды энергетикалық және транзит-көліктік әлеуетін атап өтті. Оның баяндамасында Қазақстан мен АҚШ арасындағы түрлі салалардағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларына ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Каспий өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін, сондай-ақ Орталық Азия мен Кавказ елдерінің ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -