Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар Тәжікстан сарапшыларымен талқыланды

1269

Қазақстан Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның ғылыми-академиялық, іскерлік топтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының сарапшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақ дипломатиялық миссиясының басшысы қатысушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларымен, оның ішінде Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысынан таныстырды, сондай-ақ 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс президенттік сайлаудың өткізілуі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, қатысушылар арасында Жолдаудың тәжік тіліне аударылған мәтіні бар брошюралар таратылды. 

Кездесу барысында қатысушылар екі елдің ғылыми-талдау және сараптамалық қоғамдастықтарын тарта отырып, пікірталас алаңын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -