ХВҚ Қазақстанның жаһандық тәуекелдер аясында қаржылық қадағалауды күшейту жөніндегі шараларының тиімділігін оң бағалады

1995
Фотосурет: EPA

2022 жылғы 22 қыркүйекте Төраға Мәдина Әбілқасымованың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің делегациясы Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланшэ бастаған Халықаралық валюта қоры миссиясының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақстанда 2022 жылғы 5 қазанға дейін өтетін ХВҚ Жарғысының IV бабы бойынша консультациялар өткізу үшін сапар барысында қатысушы елдер жүргізетін экономикалық, қаржы және валюта саясатын мониторингтеу, негізгі тәуекелдерді және олардың экономикалық өсуге әсерін бағалау жүзеге асырылады, сондай-ақ оларды барынша азайту үшін ұсынымдар беріледі.

Кездесуде әлемдік экономика өсуі баяулауының, инфляциялық процестерді жеделдетудің және жаһандық геосаяси тұрақсыздықтың Қазақстанның қаржы секторына әсері талқыланды.

Тараптар пруденциялық нормативтердің соңғы өзгерістерін және банк секторындағы және ипотекалық кредит беру саласындағы, сондай-ақ мониторинг және жүйелік тәуекелді төмендету, банктік реттеу және дағдарысқа қарсы басқару саласындағы негізгі тәуекелдерді қарастырды.

Кездесу нәтижелері бойынша ХВҚ сарапшылары көбіне тәуекелдерді есепке алуға бағдарланған қаржылық қадағалауды күшейту жөніндегі шаралардың тиімділігін жоғары бағалады. ХВҚ Ресейдің үш еншілес банкі жағдайында банк секторының тұрақтылығын сақтау жөніндегі реттеушінің дереу ден қоюын оң бағалады.

Агенттік өкілдері сондай-ақ микроқаржы және сақтандыру секторлары мен бағалы қағаздар нарығын дамыту қорытындыларын хабарлады, сондай-ақ осы салалардағы заңнамалық өзгерістерді атап өтті.

ХВҚ 2022 жылғы қазанда Дүниежүзілік банкпен Қазақстанның қаржы секторын бағалау бағдарламасын (Financial Sector Assessment Program, FSAP) бірлесіп бастау мерзімдері туралы хабарлады. FSAP-тың негізгі мақсаты елдің қаржы секторының тұрақтылығы мен орнықтылығын жан-жақты және терең талдау жүргізу арқылы бағалау болып табылады.

Сапар қорытындысы бойынша ХВҚ миссиясының қорытынды мәлімдемесі дайындалады, оны ХВҚ, Қазақстан Ұлттық Банкі және Агенттіктің сайттарында жариялайды.

IV бап бойынша консультациялар өткізу үшін ХВҚ миссиясының келесі сапары 2023 жылғы күзге жоспарланған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -