ҚР СІМ басшысы Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэның мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты

1700

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэның мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.



Ресми рәсімге 6 мыңнан астам адам, оның ішінде Жапонияның жоғары лауазымды саясаткерлері, Парламент депутаттары және 200-ден астам ел мен халықаралық ұйымдардың шетелдік делегациялары қатысты.



Іс-шара соңында Қазақстан делегациясының басшысын Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишида қабылдады. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Үкіметтің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.



Министр қазіргі Жапонияның аса көрнекті көшбасшыларының бірі С.Абэның Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарын дамытуға қосқан ерекше үлесін атап өтті.



С.Абэ 2015 жылы Қазақстанға ресми сапармен келді және екіжақты ынтымақтастықты кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне шығарудың бастамашысы болды.



Жауап ретінде Премьер-Министр Ф.Кишида Қазақстан халқын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді.



С.Абэ Жапонияның Премьер-Министрі ретінде ең ұзақ қызмет еткен көрнекті саясаткер ретінде өз халқының есінде қалды. Бұл бұрынғы Премьер-Министрдің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ел тарихындағы екінші мемлекеттік жерлеу рәсімі болды, 1967 жылы Жапония елі Ёшида Сигэрумен қоштасқан болатын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -