Индонезиялық университетте Қазақстан бұрышы ашылды

2090

Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінің және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қолдауымен «UPNV Jakarta» ұлттық даму университетінде белгілі философ, ғалым және математик әл-Фарабидің құрметіне аталған Қазақстанның бұрышы ашылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақстан бұрышында еліміздің тарихы, мәдениеті, экономикасы, көрікті жерлері туралы кітаптар, сондай-ақ қазақтың қолданбалы өнерінің заттары қойылған. Бұрыш еліміздің жергілікті жастар арасында танымалдығын арттыру, қазақ тілі мен мәдениетін насихаттау мақсатында ашылды. Алдағы уақытта қазақстандық бұрышта екі ел арасындағы мәдени өзара іс-қимылды дамыту бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Іс-шара Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті делегациясының Джакартадағы индонезиялық әріптестеріне сапары аясында ұйымдастырылды. Оның барысында тараптар қос диплом алу бағдарламасын іске қосу мүмкіндігін талқылады, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдарын белгіледі.

«UPNV Jakarta» ұлттық даму университеті мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2021 жылдың соңында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында белсенді өзара іс-қимыл жасауда. Бұдан бұрын, 2022 жылғы маусымда Индонезия университетінің делегациясы Қазақстанға сапармен келіп, оның барысында Индонезия бұрышы ашылған болатын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -