Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі делегациясының Сингапурдағы жұмыс кездесуі

1018

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары А.С. Панбаев бастаған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің делегациясы Сингапурға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сапардың мақсаты PSA сингапурлық компаниясымен өзара ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанда әзірлеуге және енгізуге ұсынылған, CrimsonLogic компаниясы әзірлеген Сингапурдың кедендік басқарудың ақпараттық жүйесін зерделеу қажеттілігі болды.

2022 жылғы 21-23 қыркүйек аралығында ҚР ҚМ өкілдерінің және CrimsonLogic сарапшылар тобының жұмыс сессиялары өтті. Total Facilitation Platform (TFP) платформасы мен Customs Management System (CMS) кедендік басқару жүйесінің жұмысын көрсету және талқылау жүргізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және өзара іс-қимылды іске асыру кезінде мәселелерді пысықтау үшін екі тараптан бірлескен сарапшылар командасы құрылды.

Жұмыс сапары барысында PSA басқарушы компаниясы Сингапурдың теңіз портында болды, сондай-ақ Сингапурдың Кеден өкілдерімен кездесулер өткізді, олар Сингапурдың кеден қызметін дамыту және трансформациялау стратегиясы туралы ақпаратпен бөлісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -