«KazAID» және «KOICA» Қырғызстанның мемлекеттік қызметшілері үшін цифрландыру саласындағы тәжірибені бөлісу бойынша бірлескен семинар өткізді

1129

«KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі «KOICA» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі корей агенттігімен бірлесіп, қырғыз мамандары үшін «Цифрландыру тиімді мемлекеттік басқару құралы ретінде» тақырыбында семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

 Аталған семинар «KazAID» және «KOICA» арасында Дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум аясында қазақстандық және кореялық халықаралық даму агенттіктерінің алғашқы бірлескен жобасы болды.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның электрондық үкімет саласындағы тәжірибесімен бөлісу болды. Спикерлер ретінде Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның сарапшылары мен корей мамандары қатысты.

Семинарға Қырғызстанда аккредиттелген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының шет елдердегі мекемелерінің басшылары, Қырғыз Республикасындағы «KOICA» Өкілдігінің басшысы және «KazAID» Басқармасының төрағасы қатысты.

«KazAID» Басқарма төрағасы Дастан Елеукенов цифрландыруды дамыту Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуы үшін маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын, сондай-ақ «KazAID» дамуға ресми көмектің негізгі секторлық бағыттарына жататынын және қазақстандық агенттік Қырғыз Республикасының мамандарына жан-жақты қолдау көрсету бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -