Қазақстан Азия және Тынық мұхиты елдерімен сауда қатынастарын нығайтуда

1787

2022 жылғы 28-30 қыркүйекте Бангкок қаласында (Таиланд) БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК) өңірлік экономикалық ынтымақтастық және интеграция жөніндегі Үшінші министрлік конференциясы өтілуде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев конференцияда күн тәртібінің «Дағдарыс уақытында орнықты даму үшін сауда және инвестиция арқылы тұрақтылықты қамтамасыз ету» нысаны бойынша елдік мәлімдеме жасады.

Қайрат Төребаев өз сөзінде Қазақстанның сауда айналымы, Азия және Тынық мұхиты өңірі елдеріне экспортты ілгерілету әлеуеті, сондай-ақ трансшекаралық хабтар туралы атап өтті.

Жалпы, БҰҰ АТМЭӘК мен Азиялық даму банкі бірлесіп ұйымдастырған конференцияда АТМЭӘК мүше елдердің министрлері мен жоғары деңгейлі лауазымды өкілдері өңірлік және субөңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -