"Сиқырлы бояулар": Қарағанды балалар кітапханасында Халықаралық байқаудың қорытындысы шығарылды

2139

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы қазақ жазушысы Молдахмет Қаназовтың 80 жылдығына арналған "Сиқырлы бояулар" атты халықаралық кітап иллюстрациялар байқауын ұйымдастырды.

Гран-приді Түркістан облысының өкілі Дана Әділхан, бірінші орынды қарағандылық Екатерина Стребкова жеңіп алды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Байқауға 11 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ отбасы асырап алған неміс баласы Чиканың балалық шағы туралы баяндайтын Молдахмет Қаназовтың "Чика – Дабылдың ұлы" әңгімесін суреттеу басты шарт болды.

"Барлығы 122 жұмыс ұсынылды. Олардың географиясы үлкен. Біздің байқауға Қазақстанның он өңірінен, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Франция, Израиль және Германиядан қатысушылар келіп қатысты. Біз үшін бұл өте қызықты әрі пайдалы болды, алғаш рет осындай халықаралық байқау ұйымдастырдық. Осылайша біз балаларды оқуға тартуды шештік. Техникалық шектеулер болған жоқ. Жұмысты 13 жеңімпазды таңдаған суретшілер мен иллюстраторлардан тұратын кәсіби қазылар алқасы бағалады. Олардың жұмысынан біз жыл соңына дейін электронды нұсқада буклет жасаймыз. Ол біздің сайтта қолжетімді болады" кітапхана директоры Баян Уатаева

Байқау жеңімпаздары Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында марапатталды. Рәсімге жазушының өзі де келді.

"Бұл шығарма 50 жыл бұрын жазылған. Бірақ осы уақытқа дейін оқырмандар ұмытқан жоқ. Мен балалардың жұмысын қарадым. Олар керемет, алуан түрлі, түрлі-түсті, әрқайсысының өз көзқарасы бар. Мен әркім өзіне жақын нәрсені салғанын байқадым. Мысалы, бір бала ағаштың қалай отырғызылғанын, екіншісі кітаптың кейіпкері әкесін қалай құшақтайтынын салды. Басқа елдерден келген оқырмандар бар екеніне қуаныштымын" Молдахмет Қаназов

Байқаудың бас жүлдесін Түркістан облысының өкілі Дана Әділхан жеңіп алды.

Бірінші орынды қарағандылық Екатерина Стребкова иеленді. Екінші орынды екі қатысушы – Ангелина Гнездилова (Қарағанды) және Эрика Майер (Қостанай), үшінші – Ольга Лукичева (Қостанай) және Вероника Шмидт (Қарағанды) бөлісті.

Сондай-ақ, үздік жұмыстар әр түрлі номинацияларда атап өтілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Всем участникам вручили сертификаты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -