Агенттік өкілдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржылық реттеушілері басшыларының кездесуіне қатысты

1842
Фотосурет: ашық дереккөздерінен

2022 жылғы 29 қыркүйек – 1 қазан аралығында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржылық реттеушілері басшыларының кездесуі өтті, оған Төраға Мәдина Әбілқасымованың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (Агенттік) делегациясы қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу ҚР Ұлттық Банкінің алаңында Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейдің орталық және ұлттық банктері басшыларының қатысуымен  өтті.

Кездесу шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі ағымдағы экономикалық жағдай және ақша-кредит саясатын іске асыру барысы талқыланды.

Мәселен, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов ағымдағы жағдайларда қаржы нарығының өзекті үрдістері және оны дамыту жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Оның айтуынша, Агенттік Үкіметпен және Ұлттық Банкпен бірлесіп, орын алып жатқан оқиғалардың Қазақстан экономикасына әсерін икемдеу үшін жүйелі шаралар қабылдауда. Бұл ретте Қазақстанның қаржы секторы күрделі сыртқы саяси ахуалға қарамастан, икемділікті, бейімділікті көрсетіп отыр және тұтастай алғанда, дамуға арналған тұрақты үрдісті көрсетуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанның банк секторы тұрақты, айтарлықтай беріктік қорына ие және негізгі көрсеткіштердің өсуін көрсетуде.

Кездесу аясында сондай-ақ қаржылық технологиялар мен цифрлық валюталарды дамыту тақырыптары талқыланды.

ЕАЭО елдерінің қаржы реттеушілерінің өкілдері өздерінің қаржы нарықтарын дамытудың өзекті күн тәртібін ұсынды және неғұрлым маңызды проблемалар мен үрдістер туралы айтып берді, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -