Брюссельде сарапшылар Қазақстандағы президент сайлауының нәтижелері мен Орталық Азиядағы аймақтық үдерістерді талқылады

608

Еуроодақтың астанасында қазақстандық сарапшылардың, еуропалық ресми тұлғалар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы президенттік сайлаудың нәтижелерін және Орталық Азиядағы маңызды үдерістерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Қазақстан - 2022: түбегейлі өзгерістердің және күрделі өңірлік геосаяттың жылы» тақырыбында өткен талдамалық пікір алмасуға «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Бас сарапшысы Ескендір Ақылбаев, Еуропалық сыртқы әрекет қызметінің Орталық Азия бөлімінің басшысы Дитмар Крисслер, «Diplomatic World» ақпараттық-талдау орталығының сарапшысы Альберто Тюркстра және журналист Шарль Шумский қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауына қатысты оның тұрақтылық жағдайында өткені және сайланған мемлекет басшысының айқын жеңісі оған «Әділетті Қазақстанды» құру мақсатында елде кешенді саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға қоғамның сенімін білдіргені атап өтілді.

Сарапшылар қасіретті қаңтар оқиғаларынан кейінгі еліміздің даму ерекшеліктерін, елдегі саяси реформалардың қарқынын жеделдетуді, 5 маусымда өткен конституциялық референдумның және одан кейін Президент құзыреттерінің жетіжылдық жалғыз мерзімін енгізудің маңыздылығын, мемлекеттiң ұлттық экономиканың аса маңызды секторларын олигополиясыздандыру жөнiндегi әрекеттерін, сондай-ақ Мәжілістің жаңа құрамын қалыптастырудың пропорционалды-мажоритарлық жүйесін ескере отырып 2023 жылдың бiрiншi жартыжылдығында өткiзiлетiн Парламент сайлауы қарсаңындағы партиялық-саяси алаңның даму келешегін талқыға салды.

Халықаралық тұрғыда Орталық Азия өңірінің сыртқы серіктестермен ынтымақтастықтағы дербестігінің артуы, Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы жүк тасымалдауды кеңейту жолдары, Қазақстанның Еуропалық одақпен жоғары деңгейдегі саяси диалогтың нығаю, соның ішінде Астанада өткен Еуропалық кеңес Президенті мен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының тарихи түңғыш кездесуінің қорытындылары сияқты тақырыптар қозғалды.

Жалпы, сарапшылар Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуы мен елдегі демократиялық реформаларды жүзеге асырудың және Астана мен Брюссель арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жағымды перспективаларын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -