Қазақстан Франциямен кинематография және анимация саласында ынтымақтасатын болады

695
Фотосурет: ⒸJulien Ezanno, André Raphaël Ivanov

29-30 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға президент Эммануэль Макронның шақыруымен ресми сапармен барды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сапар барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан-Француз ынтымақтастығының жоғары динамикасын атап өтті, дипломатиялық қатынастарды нығайту жөнінде жан-жақты пікір алмасты және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттыруға ниет білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша жоғары деңгейде екі ел үшін бірқатар маңызды құжаттарға, соның ішінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы арасындағы кинематография саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қол қою рәсіміне "ҰКҚМО" КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов, CNC Бас директоры Оливье Анрар (Olivier Henrard), CNC екіжақты ынтымақтастық жөніндегі директоры Жюльен Эзанно (Julien Ezanno), Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығының президенті Андре Иванов (André Raphaël Ivanov) және екі елдің дипломатиялық корпусының өкілдері қатысты.

Бауыржан Шөкеновтің айтуынша, бұл келісім кинематографиялық мұраны сақтауға, кәсіптік білім беруді және бірлескен өндірісті дамытуға, кино өнімдерін таратуға, сондай-ақ аудиовизуалды қарақшылыққа қарсы күреске байланысты бірқатар бағыттарды қамтиды.

Тараптар бұл келісім кинематография, бірлескен киноөндіріс саласындағы ынтымақтастықты жетілдірумен қатар, киноиндустрияның жетекші елдерінің бірі болып саналатын әлемдік кинематографияның Отанымен серіктестік бүкіл қазақстандық кинематографты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -