Алматыда IV Халықаралық ÁMEN анимациялық фильмдер фестивалі өтеді

664

5-8 желтоқсан аралығында Алматыда IV Халықаралық ÁMEN анимациялық фильмдер фестивалі өтеді. Фестивальді дәстүрлі түрде OzgeEpic заманауи өнер кеңістігі мен Қазақстанның анимациялық киностудиялар қауымдастығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының қолдауымен ұйымдастырады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ÁMEN 2022 конкурстық бағдарламасына Польша, Франция, Грузия, Испания, Өзбекстан, Қытай, Әзірбайжан, Ресей және Қазақстанның фильмдері қатысады. Жеңімпаздарды "Үздік анимациялық қысқаметражды фильм" үшін Оскар сыйлығына екі дүркін үміткер болған Константин Бронзит басқаратын беделді қазылар алқасы таңдайды.

Фестиваль барысында биылғы жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ киностудиясының базасында құрылған "Қазақанимация" жаңа шығармашылық бірлестігінің тұсаукесері өтеді. "Арман" кино орталығында биыл өндіріске енгізілген жиырма қысқаметражды мультфильм көрсетіледі. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысады.

«Ұлттық анимациямыздың 55-жылдық мерейтойының аясында IV «AMEN» Халықаралық анимациялық фильмдер фестивалінінің өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Бүгінде қазақ анимация өнері әлемдік аниматограф кеңістігінде өз тұғырын тауып, зор әлеуетін көрсетуде. Халықаралық фестивальдердің экранына жол тауып, жеңімпаз атанып жүрген анимациялық туындыларымыз шығармашылық деңгейіміздің артқанын дәлелдейді. Дегенмен, алар белестеріміз әлі алда» Дейді фестивальдің тең Президенті, Киноорталықтың бас продюсері Адай Әбельдинов

Фестивальдің екінші тең Президенті - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Мақпал Жұмабай болып табылады. Оның айтуынша, фестивальдің басты мақсаты - Қазақ анимациясын әлемдік деңгейге көтеру және қазақстандық анимациялық қауымдастықтың кәсіби әлеуетін көтеру.

ÁMEN 2022 фестивалі режиссер Мейіржан Сандыбайдың "Шырақ" қысқаметражды фильмімен ашылады. Ал жабылу салтанатында биылғы фестиваль жеңімпазының жұмысы көрсетіледі, оны сонымен бірге 500 000 теңге көлемінде жүлде қоры күтіп тұр.

Фестивальдің барлық іс-шаралары, соның ішінде көрсетілімдер, баспасөз конференциялары мен дөңгелек үстелдері Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да өтеді. Кіру тегін.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -