Қазақстан Германия аймақтарымен ынтымақтастықты кеңейтуде

738

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігімен бірігіп 28-29 қараша аралығында Дюссельдорф қаласында Солтүстік Рейн Вестфалия федералдық сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Дөңгелек үстел аясында елімізде бизнесті жүргізу шарттары мен қолайлы инвестициялық ахуалы, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі және мемлекет пен шетелдік компаниялар арасындағы сенімгерлік диалогты дамыту туралы талқыланды. Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесін, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобын, Берлин Еуразиялық клубын, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.Склярдың басшылығымен неміс инвесторларымен жұмыс жөніндегі арнайы үкіметтік жұмыс тобын қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастық институттарының жұмысына ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының негізгі басымдықтары Германияның маңызды өнеркәсіптік орталықтарының бірі Солтүстік Рейн Вестфалия федералдық жерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың болашағы болды. Іс-шарада Rhenus SE, SMS Group, Metro, CFT Gmbh, Master Fluid Solutions, TMK Europe, VGH және т.б. неміс компанияларының басшылары қатысты.

221129-ihk-andreas.endermann-050.jpg

Іс-шара баламалы энергетика, өндеу өнеркәсібі және жаңа технологиялар сияқты екіжақты экономикалық ынтымақтастығының ең өзекті салаларын қамтыды.

Екі ел арасындағы шикізаттық, өнеркәсіптік және технологиялық серіктестіктің тиімді түрде іске асыру қажеттілігіне, сондай-ақ кәсіби-техникалық білім беру неміс қосарлы жүйесі тетіктерінің енгізілуіне ерекше назар аударылды.

Аталған іс-шарада KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы VGH Group компаниясымен Қазақстан Республикасының металлургия саласының қажеттіліктері үшін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында отқа төзімді өнім өндіру кешенін салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойды.

VGH - Батыс Еуропадан әлемнің әртүрлі аймақтарына отқа төзімді өнімдер мен шешімдерді шығаратын және жеткізетін компания. Компанияның өнімдері "Theramer" жеке брендінің отқа төзімді бұйымдарын, сондай-ақ VGH Group өндіретін қалыпталған және қалыпталмаған отқа төзімді бұйымдарды қамтиды.

Солтүстік Рейн Вестфалия – Германияның маңызды өнеркәсіптік орталығы. Ол жерде химия, фармацевтика, көлік және электр өнеркәсібі сияқты дамыған салалар зор ұсынылған. Бұл әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес экономикасында да ерекше маңызға ие.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -