Қазақстанның республикалық нотариаттық палатасы Халықаралық нотариат одағының құрамына кірді

966

2 желтоқсанда Канкун қаласында нотариустардың халықаралық Конгресі өтті. Ресми рәсімде туды көтеріп, ант қабылдаумен қатар, Қазақстандық нотариат Халықаралық нотариат одағының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Халықаралық Нотариат Одағының) толық құқылы мүшесі атанды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ресми шараға Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин мен Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова қатысты.

Еске салайық, Одақтың мүдделері БҰҰ-да, ЮНЕСКО-да, халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясында, Еуропалық комиссия мен Еуропалық парламентте, Еуропа Кеңесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда ұсынылған. Қазақстанның одаққа кіруі отандық нотариустарға кәсіби тәжірибе алмасуға, Қазақстанда жасалған нотариаттық әрекеттерді шетелде тануға, сондай-ақ, халықаралық коллегияларға қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл тарихи оқиға, себебі қазақстандық нотариустардың ХНО-на кіруі ұзақ келіссөздер мен нотариаттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жұмыстардың арқасында жүзеге асты. Айта кетейік, 2003 жылы Қазақстан халықаралық нотариат одағының құрамына кіруге өтініш берді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарына қол жеткізу мақсатында көп жылдар бойы ұлттық заңнаманы жетілдіріп келеді.

Халықаралық одаққа мүше мемлекеттердің өкілдері қазақстандық нотариустардың жетістіктерін жоғары бағалайды.

MSN – бүкіл әлемде нотариаттық функция мен қызметті ілгерілету, үйлестіру және дамыту үшін құрылған үкіметтік емес ұйым. Бүгінгі күні одаққа 91 мемлекет мүше, оның ішінде ЕО елдерінің барлығы дерлік, Латын Америкасы елдерінің басым көпшілігі, Африка континентінің кейбір өкілдері, Қытай мен Жапония бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -