Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы

1320

Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс – қимылы 2008 жылы Жаһандық байланыстар Хатшылығының басқаруымен ЭЫДҰ-ның өңірлік бағдарламасы - Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы шеңберінде басталды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Осы кезеңде ел ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылды нығайту және Ұйымның озық тәжірибелері мен стандарттарын енгізу бойынша үлкен жұмыс жасады.

Бүгінгі күні Қазақстан Ұйымның 37 жұмыс органына қатысады, оның ішінде 18 комитетте және жұмыс органдарында – "шақырылған" мәртебесіне, 10 комитетте және жұмыс органдарында – "қатысушы" мәртебесіне, 2 комитетте "қауымдастырылған мүше" мәртебесіне және 7 құрылымда "серіктес" мәртебесіне ие. Сондай-ақ, ЭЫДҰ-ның 42 құқықтық құралына қосылды.

Құқықтық құралдарға қосылу және олардың ережелерін табысты іске асыру сараптамалық шолулар жүргізумен және ЭЫДҰ жұмыс органдарына белсенді қатысумен қатар комитеттерге қатысу мәртебесін арттыру үшін өлшемшарттардың бірі болып табылады.

Ынтымақтастықтың басым салаларын айқындайтын ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтың негізгі құжаттарының бірі 2018 жылы қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум болып табылады.

Меморандумның мақсаты ЭЫДҰ ұсынымдары негізінде құрылымдық реформалар мен бірлескен зерттеулер жүргізу, Қазақстанның ЭЫДҰ құрылымдарының жұмысына қатысуы, түрлі құқықтық құралдарға қосылу болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның алдында ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер болып табылатын әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндеті тұр. ЭЫДҰ-ның өмір стандарттарын қолдана отырып, Қазақстан экономиканың басым бағыттарын дамытуды, оның ішінде жалпыұлттық басымдықтарды қолдауды және азаматтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді.

ЭЫДҰ стандарттарын одан әрі ілгерілету, имплементациялау және еліміздің ЭЫДҰ үздік тәжірибелеріне сәйкестігін ескере отырып, Меморандумға өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою арқылы Меморандумның қолданылуын 2023-2026 жж. дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру Қазақстан Республикасы үшін 2025 жылға дейін ЭЫДҰ құрамына кіруге өтінімді уақытылы беруге мүмкіндік береді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -