Қазақстандық делегация Орталық Азиядағы Азиядағы зілзалаларға және климаттың өзгеруіне төзімділікті күшейту жөніндегі іс-шараға қатысты

1008

Ағымдағы жылдың 28-29 қарашасында Орталық Азиядағы зілзалалар мен климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі мен БҰҰ-ның зілзалалар қауіп-қатерін азайту жөніндегі басқармасы (UNDRR) ұйымдастырған іс-шара өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шараға Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакала, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының зілзалалар қауіп-қатерін азайту мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Мами Мидзутори қатысты. ТЖМ атынан іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор М.М. Күлдіков, Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығы директорының орынбасары, Орталық жанындағы ҚР ТЖМ өкілетті өкілі С.Г. Әубәкіров, Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Р.Н. Амрин, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А.С. Григорян және IT қызметкері Оспанов А. қатысты.

Төтенше жағдайлар вице-министрі М.М. Күлдіков өз сөзінде ҚР ТЖМ 2019 жылдан бастап БҰҰ-ның Зілзалалар қауіп-қатерін азайту жөніндегі басқармасымен «Зілзалаларға төзімділікті арттыру және Орталық Азиядағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасын орындауды жеделдету» бағдарламасы шеңберінде ынтымақтасатынын айтты.

CESDRR директорының орынбасары Серік Әубәкіров бастама іске қосылған сәттен бастап қол жеткізілген прогресс туралы, оның ішінде өңірдегі алғашқы өңірлік зілзалалар қауіп-қатерін азайту стратегиясын және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу, тәуекелдердің субөңірлік бейіні және төтенше ведомстволарға тәуекелдер туралы ақпаратты және талдамалық жүйелерді пайдалануда қолдау көрсету бойынша әлеуетті арттыру туралы жаңартылған ақпаратпен бөлісті.

Іс-шара М. Күлдіков пен Еуропалық комиссия мен Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен өткен панельдік пікірталаспен аяқталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -