TikTok АХҚО платформасына шығады

750
Фотосурет: Sheldona Cooper / Zuma / ТАСС

TikTok медиа платформасы «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелді. Тіркеу TikTok-қа Қазақстанда және Орталық Азияда өзінің қатысуын белгілеуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде креативті экономиканы дамытуға жаңа серпін береді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АХҚО Tech Hub ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстан нарығына шығу, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау бойынша TikTok платформасына жәрдемдеседі.

АХҚО Tech Hub және TikTok бірлескен қызметі Қазақстанда креативті индустрияны дамытуға итермелейді және технологиялық компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Өңірдегі қаржылық қана емес, сонымен қатар инновациялық компаниялардың ірі кластері бола отырып, АХҚО жеңілдетілген визалық, еңбек және валюталық режимдердің, салықтық жеңілдіктердің арқасында түрлі индустрияларды тартады. TikTok-ты тіркеу АХҚО қызметін жүзеге асыруға әлемдік bigtech-көшбасшыларының мүдделілігін растайды.

Бұдан басқа, АХҚО Tech Hub Орталық Азиядағы экономикалық дамуға жәрдемдесу мақсатында экожүйенің халықаралық және қазақстандық қатысушылары үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -