Қазақстанның Испаниядағы Елшісіне Испанияның Дипломатиялық академиясы құрметті академик атағы берілді

679

Мадридте Испания Корольдігінің Дипломатиялық академиясының биылғы қорытынды жиналысы өтіп, оған Академияның атқарушы төрағасы Сантьяго Вело де Антело, институт алқасының мүшелері, Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрлігінің жоғары лауазымды тұлғалары, Испанияда аккредиттелген елшілер, ғылым мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Шара аясында Қазақстан Республикасының Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигаловқа Еуропадағы ең көне институттарының бірі Құрметті академигі атағы берілді.

Академиктің құрмет дипломын Елшілер кеңесінің төрағасы, Вийафранка де Эбро Маркизы Эдуардо Лайглесиа табыс етті.

К.Жигалов өз сөзінде Корольдіктің академиялық ортасына өзіне берілген атақ үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -