Сеулде «Алматы – ұлы даланың інжу-маржаны» көрмесі ашылды

1526

Сеул тарихы мұражайында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Алматы – ұлы дала інжу-маржаны» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Алматы – ұлы даланың інжу-маржаны» көрмесін Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі ұйымдастырды. Көрмеге Алматы қаласының мұражайы мен Ықылас атындағы ұлттық музыкалық аспаптар мұражайының коллекциясынан 130-дан астам этнографиялық экспонаттар қойылған.

Көрме далада көшпелі өмір сүрген түркі халықтарының дәстүрлерін мұра еткен Қазақстанның өмірі туралы түсінік береді, сондай-ақ қазақтардың дәстүрлі мәдениеті, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі, шаруашылық және тұрмыс салты, рухани мәдениеті туралы баяндайды.

Іс-шараға Қазақстанның Елшісі Бақыт Дүйсенбаев, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев, Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова, Сеул тарихы мұражайының директоры Ким Ёнг Сок, Сеул қалалық кеңесінің, дипкорпустың, бизнес топтардың, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.

Құттықтау сөзінде Қазақстан Елшісі Бақыт Дүйсенбаев бұл көрменің ашылуы екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу аясында өткізіліп жатқан ең жарқын іс-шаралардың бірі болып табылатынын атап өтіп, екі халық арасындағы жемісті ынтымақтастық пен достық байланыстарды одан әрі нығаюына үміт білдірді.

«Алматы – ұлы даланың інжу-маржаны» көрмесі келушілерге 2022 жылдың 6 желтоқсанынан 2023 жылдың 12 ақпанына дейін 55 Saemunan-ro, Jongno-gu, Seoul мекенжайы бойынша орналасқан Сеул тарихы мұражайында қолжетімді. Кіру тегін.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -