Санкт-Петербургтегі қазақстандық офицерлер Тәуелсіздік күнін футбол турнирімен атап өтті

1442

Санкт-Петербургтегі Әскери академияларда білім алып жатқан Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің офицерлері Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік мерекеге арнап қазақстандық әскери қызметшілер арасында футзалдан турнир ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының өкілі Арман Бейкүтов, ел тарихында 16 желтоқсанның маңыздылығы мен мемлекеттің 30 жылдан астам егеменді дамудағы жетістіктерін атап өтті. 

Барлық қазақстандықтардың, оның ішінде шетелдегі отандастарымыздың бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілігі мен ұлттық бірегейлігі «Балдәурен» қазақ шығармашылық ұжымының өнерімен ерекшеленді.

Алаңда әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясында, әскери байланыс академиясында, Михайлов әскери артиллерия академиясында, әскери-медициналық академияда және Әскери-теңіз академиясында білім алып жатқан қазақстандық офицерлер тартысты ойын көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық әскери теңізшілер жеңіске жетті. Екінші орынды байланыс әскерлерінің офицерлері иеленсе, үшінші орынға әскери дәрігерлер табан тіреді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -