Абай облысында Шүлбі су электр станциясының контрреттеуші құрылысының жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр

1824

Бүгін Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков пен «China railway no. 5 engineering group co., ltd» компаниясының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Бу Чжуцин Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Меморандумға қол қою рәсімінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қытайлық инвесторларды құттықтап, өңір үшін маңызды жобаны жүзеге асыруда ынтымақтастыққа мүдделілік танытты. СЭС-тің болжамды қуаты – 350 МВт-қа дейін.

Айта кетер болсақ, Шүлбі СЭС-і Семей қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан. Ол Ертіс ГЭС каскадындағы үшінші және орнатылған қуаты бойынша Қазақстандағы ең ірі станция болып табылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -