ҚР Ақпарат және қоғамдық даму миннистрлігімен әріптестікті нығайтуға ниеттіміз – АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм

1395
Фотосурет: Gov

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиын барысында Дархан Қыдырәлі ҚР Президенті жүргізіп жатқан реформалар туралы мен министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша ақпарат берді.

«Қазіргі таңда министрлік TikTok, Meta секілді халықаралық компаниялармен байланыс орнатып жатыр. Онан бөлек, «Масс-медиа» туралы заңнама, ақпарат доктринасы, ақпаратқа қолжетімділік, азаматтық қоғам саласындағы заңнамалар бойынша халықаралық институттармен бірлесі жұмыс атқарып жатырмыз» Дархан Қыдырәлі

Өз кезегінде Дэниел Розенблюм мырза Қазақстандағы медиа саланың жұмыстарына оң бағасын берді. Бұған қоса, ол қазақ тілін жетік меңгеруге деген құлшынысы мен қазақтың тарихина (атнтропологиясына) деген қызығушылығы зор екенін айтты.

Сондай-ақ Дэниел Розенблюм мырза «Масс медиа туралы» заңға, министрлік жетекшілік ететін салаларға қатысты бірқатар сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауап алды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екендіктерін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -